Еуропа лигасы: АПЛ клубтары финалға жақындады

Еуропа лигасы: АПЛ клубтары финалға жақындады

Еуропа лигасының алғашқы жартылай финалдық ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда испаниялық «Атлетик» клубын сенімді түрде жеңді – 3:0. Голдарды Каземиро (30-минут) мен Бруно Фернандеш (37-ші, пенальтиден және 45-ші) соқты.

Екінші жартылай финалда ағылшындық «Тоттенхэм» өз алаңында «Буде-Глимтті» 3:1 есебімен жеңді.

Жеңімпаз команданың голдарын Бреннан Джонсон (1-минут), Джеймс Мэддисон (34-ші) және Доминик Соланке (61-ші, пенальти) соқса, «Буде-Глимт» командасының жалғыз голын Улрик Солтнес (83-ші) өз атына жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или