Қазақстандық гимнастар Әлем кубогының алты кезеңінде 15 медаль жеңіп алды

Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Әлем кубогының бірнеше кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Отандастарымыз жалпы есепте 15 медаль жеңіп алып, соның ішінде жеті алтынға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биылғы жылы турнирлік марафон алты кезеңді қамтыды. Бірінші кезең Германияның Котбус қаласында өтті. Ал шешушісі Мысырдың Каир қаласында ұйымдастырылды. Әр кезеңде қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарланды Olympic.kz материалында.
Жалпы, Қазақстан құрамасы Әлем кубогының кезеңдерінде 15 медаль жеңіп алды — 7 алтын, 4 күміс және 4 қола. Бұл еліміздің гимнастары үшін ең сәтті маусымдардың бірі саналады.
Александр Ким баптайтын құрама алдағы уақытта Азия және әлем чемпионаттарына қатысады. Маусымның негізгі додалары саналатын бұл жарыстарға бүкіл дайындық кешенді түрде бағытталмақ.