Ұлыбританиялық боксшы Головкин мен Әлімханұлын салыстырды

Ұлыбританиялық боксшы Головкин мен Әлімханұлын салыстырды

Кәсіпқойлар арасындағы бұрынғы әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Амир Хан қазақстандық бокстың басты өкілдері – Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен қазақстандық боксты жақсы көремін. Қазір оның жаңа кәсіпқой стилі қалыптасты. Бірінші болып осы жолды GGG бастады – ол ұлы боксшы. Маған оның ештеңеден қорықпайтыны ұнайды. Оны Лас-Вегастағы жекпе-жектерімде кездестіргенмін – ол менің кездесулерімді қарап отырды. Сондай-ақ ол «Канеломен» ринг бөлісті. Головкиннің қарсыластарын нокаутқа түсірген сәттері есімде. Ол оларды жай ғана басып тастайтын, өзіне деген сенімдерінен айыратын. Оның бойынан күш-қуат, жойқын соққылар және кеңестік стиль – қатал әрі тиімді тәсіл айқын байқалады.

Жәнібек мүлде басқа. Ол рингте икемдірек, техникасы жоғары, қимыл-қозғалысы жеңіл. Ал GGG – тікелей шабуылдайтын, мықты және төзімді боксшы. Қазақстандық бокста екі түрлі стильдің қалыптасқанын көру қызық. Екеуі де маған өзінше ұнайды», – деді Хан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или