Александр Усик екі жекпе-жектен кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Суперауыр салмақтағы абсолютті чемпион Александр Усик (23–0, 14 КО) тағы екі жекпе-жек өткізіп, кәсіпқой мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы The Stomping Ground басылымы хабарлады.
Алғашқы кездесу 19 шілде күні Лондонда өтеді — Усик британдық Дэниел Дюбуаға (22–2, 21 КО) қарсы реванш өткізеді. Бұл жекпе-жекте абсолют чемпион атағы сарапқа салынады. Айта кетейік, қос боксшы 2023 жылдың тамызында Польшада кездесіп, Усик тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен.
Дюбуамен болатын реванштан кейін украиналық боксшы қоштасу жекпе-жегіне шығады. Усиктің айтуынша, бұл жекпе-жекте қарсылас ретінде Тайсон Фьюри немесе Энтони Джошуа болуы мүмкін. Ол бұған дейін Джошуаны (2021, 2022) және Фьюриді (2024) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или