Анеля Ордабек Азия чемпионатында үндіс қарсыласынан ұтылды

Иордания астанасы Амманда қыздар арасында бокстан Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін, 29 сәуірде 15 жасқа дейінгі боксшылар алтын медаль үшін жекпе-жекке шықты. 35 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде біріншілік үшін қазақстандық Анеля Ордабек пен Үндістаннан Кхуши Ахлават сынға түсті.
Кездесу 4:1 есебімен Үндістан өкілінің пайдасына аяқталды.
Еске салайық, Амманда әлем боксының демеушілігімен тұңғыш, тарихи Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или