Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің алғашқы кезеңінде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Эшторилдегі (Португалия) турнирдің алғашқы кезеңінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Жукаев португалиялық Франсишку Рошамен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласына 4:6, 6:1, 6:7 есебімен есе жіберді.
Матч 2 сағат 36 минутқа созылды.
Осылайша, Жукаев турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады, ал Роша негізгі кезеңге шығу үшін ресейлік теннисші Алексей Ватутинмен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или