Шымкентте таеквондодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Шымкентте таеквондодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Шымкент қаласында 1-5 мамыр аралығында таеквондодан (WT) жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстан 700-ге жуықс портшы қатысады деп күтіліп отыр. 

Төрт күнге жоспарланған жарыста 15-17 жас аралығындағы спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Аталған Қазақстан чемпионаты жаңартылған «Daedo GEN3» электронды жүйесі бойынша өтеді. 

Айта кетсек, жастар арасындағы ҚР чемпионаты нәтижесінде 2025 жылғы спорт маусымына таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы жасақталады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатын аяқтады. 

Ел құрамасынан жекелей сында Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Мейірлан Максим (90 келі) қола жүлде алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или