Милад Карими тағы да әлем кубогында жеңімпаз атанды

Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жолы Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими керме жаттығуында топ жарды. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.
Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен екінші орынды иеленсе, ал Ноэ Сейферт (Швейцария) 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Додаға 19 елден 91 қатысушы жиналды.
Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, оның қоржынында 2025 жылғы Әлем кубогы кезеңінде жеңіп алған алты алтын медаль бар.
Жалпы алғанда 25 жастағы спортшымыз әлем кубогы кезеңдеріндегі тоғызыншы алтын медаліне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или