«Жетісу» клубы Азия чемпиондар лигасының финалына шықты

«Жетісу» клубы Азия чемпиондар лигасының финалына шықты

Филиппинде волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» клубы финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сербиялық маман Марко Гршичтің шәкірттері жартылай финалда таилық «Nakhonratchasima QminC» клубымен сынға түсті.

Өткен жылы Азия клубтық чемпионатында солтүстікқазақстандық «Қуаныш» командасы қола жүлде үшін бәсекеде осы таилық ұжымға есе жіберген еді.

Бұдан төрт жыл бұрын Марко Гршич өскемендік «Алтаймен» бірге әлемдік клубтық чемпионатқа қатысқан еді. 

Бұл жолы Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» сапында Карина Денисова, Татьяна Никитина, Дарья Шаргородская, Валерия Якутина сынды ойыншыларға «Қуаныштың» капитаны Юлия Дымар сәтті қосыла білді.

Бірінші партияда алдымен таилық волейболшылар алға шыққанымен, бірте-бірте талдықорғандықтар таразы басын аудара білді — 25:20. Қалған екі партияда да олар жеңістік берген жоқ — 25:21, 25:21. Қорытынды есеп — 3:0.

Осылайша, «Жетісу» Азия чемпиондар лигасының финалына шықты. Сонымен қатар әлемдік чемпиондар лигасына жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или