«Атлетико» қақпашысы карьерасын Англияда жалғастыруы мүмкін

«Атлетико» қақпашысы карьерасын Англияда жалғастыруы мүмкін

32 жастағы словениялық қақпашы Ян Облак мадридтік «Атлетикодан» кетіп, карьерасын Англия чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Todofichajes мәліметінше, қақпашыны «Манчестер Сити» қатарына қосқысы келеді.

«Қалалықтар» Облакты бразилиялық қақпашы Эдерсонның ықтимал кетуіне байланысты оның орнын басатын ойыншы ретінде қарастырып отыр. Ал «Атлетико» словениялықты 25-30 миллион еуро аралығында ұсыныс түссе, сатуға дайын.

Ян Мадрид клубы сапында 2014 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді. Оның қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазында аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или