«Барселона» 14 жыл бұрынғы нәтижені қайталады

«Барселона» 14 жыл бұрынғы нәтижені қайталады

«Барселона» Ла Лиганың 33-туры аясында «Мальоркаға» қарсы матчта (1:0) 40 соққы жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оған дейін Ла Лигада 2011 жылы «Реал Мадрид» футболшылары «Сарагосаға» қарсы ойында дәл осындай (40) нәтиже тіркеген еді. Содан бері алғаш рет бұл жетістікті каталониялықтар қайталап отыр.

Ал жалпы топ-5 лигада 40+ соққы жасаған клуб соңғы үш маусымда болмаған.

Айта кетейік, «Барселона» қазір Испания чемпионатында көш бастап келе жатыр. Одан бөлек Испания кубогы мен Чемпиондар лигасында да жарыс жолында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или