ГЛАВНАЯ
Әлем футболы
«Реал Мадрид» Испания кубогының финалында қызмет ететін төрешіні шеттетуді талап етті
«Реал Мадрид» Испания кубогының финалында қызмет ететін төрешіні шеттетуді талап етті

«Реал Мадрид» Испания Корольдік футбол федерациясынан (RFEF) төреші Рикардо Де Бургоса Бенгоэчеаны 26 сәуірде «Реал Мадрид» мен «Барселона» арасындағы Испания кубогы матчынан шеттетуін сұрап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Cope ақпараты бойынша, «корольдік клуб» Бенгоэчеаның ойын алдындағы баспасөз-мәслихатындағы мінез-құлқына таңғалған. Арбитр мадридтік команданың клубтың телеарнасынан өзіне бағытталған сыннан кейін, көз жасына ерік берген. Бұған дейін «Реал» телеарнасы төрешінің қателіктерінен видео жасап, оның қазылығымен каталониялық команда «Корольдік клубтан» жиі жеңіске жететінін атап өткен болатын.
Испания клубы Бенгоэчеан Испания кубогының финалында қызмет етуге дайын емес деп санайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или