Ангелина Лукас жақында үлкен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 КО) шаршы алаңға жақын арада оралатыны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
"Жақында үлкен жекпе-жек болады. Жекпе-жекке 38 күн қалды", - деп жазды Лукас Instagram парақшасында.
Ангелина Лукастың қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз, бірақ бұған дейін ол жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы, америкалық боксшы Габриэла Фундорамен (16-0, 8 КО) жұдырықтасуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.
Бір апта бұрын Фундара мексикалық Мэрилин Бадилло Амаямен (19-1-1, 3 КО) жұдырықтасып, оны жетінші раундта нокаутқа жіберді.
Лукастың соңғы жекпе-жегін осы жылдың ақпан айында өтзіп, екінші раундта боливиялық Есения Токоны (1-1, 0 КО) ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или