«Хетафе» – «Реал». Статистика, болжам. Тікелей эфир

24 сәуірге қараған түні, аптаның ортасында футболдан Испания чемпионатының кезекті матчы өтеді. 33-ші турдың ең қызықты, әрі тартысты матчында Мадридтің «Реалы» «Хетафеге» қонаққа барады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Хетафе»
Бордалас Хосе шәкірттері қазіргі уақытты турнирлік кестеді 32 турдан кейін 39 ұпаймен 12-ші орында келеді. «Хетафе» чемпионат аясында өткен соңғы матчында «Эспаньнолға» қонаққа барып, бір гол айырмасымен жеңіліп қалған болатын.
Алаң иелері өз алаңында өткізген соңғы екі матчта жеңілген. Сол себепті жанкүйерлеріне футбол мерекесін сыйлауға тырысары анық. Соңғы рет «Хетафе» «Реалды» 2022 жылы өз алаңында (1:0) жеңген екен.
«Реал»
Мадридтік клуб Чемпиондар лигасындағы сәтсіздігінен кейін Испания чемпионатында өз алаңында «Атлетикті» қабылдап, Вальверденің соңғы минуттарда соққан голының арқасында жеңіске жетті. Кеше «блауграна» өз алаңында «Мальорканы» тізе бүктіріп, көш басындағы орнын сенімді сақтап қалды. Осы жеңістен кейін каталониялық клуб еншісінде 76, ал «Реалда» 69 ұпай бар. Карло Анчелотти шәкірттері турнир кестесіндегі көшбасшы «Барселонаны» қууды жалғастырады.
Бұл матчқа «Реалдың» сұрмергені Киллиан Мбаппе қатыспайды. Мадридтік клубтың бас бапкерінің айтуынша шабуылшыда кішігірім жарақат бар екен. Кубок финалына дайын болу үшін демалыс беріліпті.
Чемпионаттың алғашқы айналымындағы Мадридте өткен кездесуде «Реал» «Хетафені» 2:0 есебімен тізе бүктірген. Жалпы қос команда арасындағы соңғы алты матчта мадридтік клуб жеңіске жетіп келеді.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі кездесуге мынадай коэффициент ұсынып отыр: «Хетафенің» жеңісіне — 4.75, «Реалдың» жеңісіне — 1.77, тең нәтижеге — 3.68.
«Хетафе» – «Реал» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша жексенбіден дүйсенбіге дейін тура сағат 00:30-да басталады және ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.