Екі жылдан кейін алғаш рет Рыбакина үздік ондықтан шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде төмендеуді жалғастырып жатыр. Prosports.kz мәліметінше, жаңартылған тізім бойынша Елена қазір 11-орында тұр. Оның еншісінде – 3308 рейтингтік ұпай.
Осылайша, 116 аптадан кейін алғаш рет Қазақстан атынан әлемнің үздік он теннисшісі қатарында ешкім жоқ.
Бұған дейін Рыбакина тұрақты түрде ТОП-10-да болып, елдің бірінші ракеткасы саналып келген еді. Алайда соңғы нәтижелер рейтингке әсерін тигізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или