Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасының теннисшісі Дмитрий Попко Таллахасси (АҚШ) қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші кездесуде қазақстандық теннисші бразилиялық Даниэль Дутру да Силванымен кездесті.
2 сағат 10 минутқа созылған ойында Попко 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Дмитрий өзара кездесулердегі есепті теңестірді - 1:1.
Ширек финалға шығу үшін Дмитрий Попко Люксембург өкілі Крис Родешпен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или