World Junior Tennis Competition: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінің финалына шықты

World Junior Tennis Competition: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінің финалына шықты

Теннистен 14 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы World Junior Tennis Competition іріктеу турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия/Океания аймағы бойынша іріктеу турнирінің финалына шыққан командалар анықталды.

Бірінші ойында Хақназар Жеткербай қарсыласын сенімді жеңіп, Қазақстанды алға шығарды. Екіншісінде Ахмади Мақанов қарсыласына есе жіберіп, командалар есебі теңесті. Үшінші ойында жұптық сында Ахмади Мақанов пен Хақназар Жеткербай жеңіске жетіп, құраманы финалға алып шықты.

Осылайша, 14 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет іріктеу турнирінің финалына жолдама алды.

Ертең Сағадат Аяптың шәкірттері финалда Жапониямен бас жүлдені сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или