Александр Шевченко Мюнхен турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады

Әлемнің 106-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Шевченко Мюнхенде өтіп жатқан ATP 500 турнирінің іріктеу финалында сүрінді. Ол хорватиялық Борна Гойядан (әлемдік рейтингте 410-орында) 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Бәсеке 1 сағат 27 минутқа созылды. Шевченко матч барысында бес эйс жасап, бірде-бір қос қателік жіберген жоқ. Сонымен қатар, ол екі брейк-пойнттың екеуін де сәтті іске асырды. Ал қарсыласы Гойя жеті эйс жасап, екі қос қателікке жол беріп, тоғыз мүмкіндіктің төртеуінде брейк тіркей алды.
ATP 500 турнирінің негізгі кезеңі 14 сәуірде басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады. Жарыстың қазіргі чемпионы — Германия өкілі Ян-Леннард Штруфф.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или