Александр Бублик Германиядағы жарысты жеңіспен бастады

Александр Бублик Германиядағы жарысты жеңіспен бастады


Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Мюнхен (Германия) ATP 500 турнирінде іріктеу сайысының финалына шықты. 

Іріктеу додасының 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингіде 130-орында тұрған Швейцария өкілі Александр Ричардпен жолықты.

Бублик 6:2, 6:3 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 5 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Ричард 2 эйстен аса алмады.

Александр іріктеу сайысының финалында рейтингіде 546-сатыдағы германиялық, 17 жастағы Диего Дедура-Паломероны жеңсе, негізгі турнирде бақ сынайды.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или