Әлемнің 10-ракеткасы Монакодағы турнирдің ширек финалында қарсыласын 44 минутта тас-талқан етті

Әлемнің 10-ракеткасы, аустралиялық теннисші Алекс Де Минор Монте-Карлодағы (Монакода) «Мастерс» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда ол Болгария өкілі Григор Димитровты тас-талқан етті. Кездесу 6:0, 6:0 есебімен аяқталды.
Теннисшілер арасындағы матч бар болғаны 44 минутқа созылды.
«Мастерс» турнирінің финалына шығу үшін Де Минор италиялық Лоренцо Музетти мен грекиялық Стефанос Циципас арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или