Теннис. Қазақстан – Колумбия матчы: Зарина Дияс пен Жібек Құламбаева жеңіс нүктесін қойды

Теннис. Қазақстан – Колумбия матчы: Зарина Дияс пен Жібек Құламбаева жеңіс нүктесін қойды

Аустралияның Брисбен қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турнирінде Қазақстан – Колумбия матчы аяқталды.

Бұл жолы жұптық сында Қазақстан құрамасы сапында Жібек Құламбаевамен бірге Зарина Дияс шықты.

Бұл олардың Билли Джин Кинг кубогы аясында алғаш рет бірге өнер көрсетуі еді.

Кеше Ж.Құламбаева мен Анна Данилина жұптық сында аустралиялықтар Сторм Сандерс пен Эллен Переске 3:6, 4:6 есебімен жол берген еді.

Алматы қаласында туып-өскен Жібек пен Зарина бүгін Юлиана Лисарасо – Мария-Паулина Перес-Гарсиямен ойында бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті – 6:2.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте колумбиялық жұп брейк жасағанымен, қазақстандық дуэт іле-шала жауап қайырды – 4:4. Есеп 5:4 болғанда, Жібек пен Зарина үш матчболды мүлт жіберді. Есесіне колумбиялықтар күш алып кетті – 7:5. 

Үшінші, шешуші сетте колумбиялықтар қос брейкпен алға кетті – 3:0. Дегенмен қазақстандықтар біртіндеп таразы басын теңестірді – 4:4. Ақыры алтыншы матчболын пайдалана білді – 6:4.

Осылайша, екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық жұп 1 эйспен бірге 15 брейк-пойнттың жетеуін өз есептеріне жазды. Колумбиялықтар 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.

Сөйтіп қазақстандықтар Колумбия құрамасын 3:0 есебімен жеңді

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или