Юрий Щукин: Билли Джин Кинг кубогында бізді Колумбиямен маңызды матч күтіп тұр

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юрий Щукин Аустралияның Брисбен қаласында Билли Джин Кинг кубогы іріктеу турнирінің алғашқы күнін қорытындылады.
Ю.Щукин жекелей сында қазақстандық теннисшілердің ойынына өте риза екенін жеткізді.
Оның айтуынша, бастапқы кездесуде 6:2, 6:1 есебі тіркелгеніне қарамастан, екі бәсеке де оңайға түскен жоқ. Теннисшілер әр гейм, әр ұпай үшін тартысып бақты. Ойын барысы түрліше өрбіп кетуі әбден мүмкін еді.
— Екінші матчта Елена 1:5 есебімен жеңіліп жатып, ойынға тамаша оралып, таразы басын өзіне аудара білді. Қос кездесудің сәтті біткеніне қуаныштымын. Жұптық сын туралы айтсақ, мұнда аустралиялықтардың мықты екенін білетін едік. Бүгін теннисшілеріміз оңтайлы сәттерді пайдалана алмады. Сөйтіп, 3:6, 4:6 есебімен есе жібердік. Соған қарамастан, Аустралияны 2:1 есебімен жеңдік. Енді ертең Колумбия құрамасымен өтетін маңызды кездесуде бар күшімізді саламыз, - деді Ю.Щукин.