«Астана» шабандозы «Хайнань турының» үшінші кезеңінде 3-орын алды

«Астана» шабандозы «Хайнань турының» үшінші кезеңінде 3-орын алды

Қытайда «Хайнань туры» көпкүндік веложарысының үшінші кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезең жеңімпазы Team Solution Tech-Vini Fantini командасының украиналық спортшысы Кирило Царенко иеленіп, жалпы есепте көшбасшы атанды. Екінші орынды Li Ning Star командасынан румыниялық Кристиан Райляну еншіледі. «Астана» шабандозы Хенок Мулюбырхан кезеңді үшінші болып аяқтады. 

«Астана» командасының спортшылары жақсы нәтиже көрсетті: Аарон Гейт 8-орынға ие болды, Николя Винокуров 53-орын, Су Хаоюй — 57-орын, Густав Ван — 98-орын, Маттео Малучелли — 100-орын, ал Лев Гонов — 102-орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или