Қазақстандық гимнастар әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнастар Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков Италияның Риччоне қаласында өткен батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Синхронды секіруде Ұлттық құрама спортшылары - Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков 3-орын алды. Біздің жұп сайыста 51.090 ұпай жинады. Алтын Германия гимнастарында. Күміс 51.350 балл алған француз спортшыларына бұйырды. Мұнда барлығы 16 жұп сынға түсті.
Айта кетейік, бұл Ерланның әлем кубогындағы алғашқы медалі.
Жекелей сындағы отандастарымыздың нәтижесі (барлығы 64 спортшы):
- Данил Мусабаев 5-орын
- Ерлан Тасмағамбетов 27-орын
- Роман Барков 32-орын
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или