Адамес келесі жекпе-жегін Жәнібек Әлімханұлына қарсы өткізуді жоспарлап отыр

Адамес келесі жекпе-жегін Жәнібек Әлімханұлына қарсы өткізуді жоспарлап отыр

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Карлос Адамес келесі жекпе-жегін осы дивизиондағы қазіргі WBO және IBF титулының иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Команда Ширазды жеңетін болсам, Жәнібекпен жекпе-жек өткізетінімді айтты. Менің ойымша, келесі жекпе-жекті онымен өткіземін. Бұл мен армандайтын жекпе-жек. Бұл жолы алатыныма сенемін. Әлімханұлы жақсы боксшы. Бірақ ол мені жеңетіндей дәрежеде емес деп ойлаймын», - деп келтіреді Boxing Scene Адаместің сөзін.

Айта кетейік, 5 сәуір Астанада (Қазақстан) Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамисенгені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или