Боксшы Магомед Курбанов Тим Цзюді нокаутпен жеңуге уәде берді

Магомед Курбанов Тим Цзюді жекпе-жекке шақырып, алғашқы раундтарда-ақ жеңіске жетуге уәде берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
RCC промоушенінің боксшысы сұхбатында Цзюдің жиі қателік жіберетінін және танымал тегіне қарамастан, бокста ілгерілей алмай жүргенін айтты. Сондай-ақ ол Джозеф Спенсерге қарсы жеңісін де аса маңызды жетістік деп есептемейтінін жеткізді, өйткені америкалық қарсылас мықты болмаған.
«Цзю – жарады, жеңісімен құттықтаймын, бірақ оның боксы әлі де көп сұрақ тудырады. Қазір ол жоғары деңгейде ештеңе істей алмайды. Спенсер ең мықты қарсылас емес еді. Мен Тимді төрт-бес раундта сыпырып түсірем. Рингте күтемін!» – деді Курбанов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или