Дастан Сәтпаев үш минутта дубль авторы атанды

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясында өткен «Атырау» мен «Қайрат» арасындағы кездесуде алматылық клубтың жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев тамаша ойынымен көзге түсті.
Ол небәрі үш минут ішінде қарсылас қақпасына екі гол соғып, командасын алға шығарды — дәл 51-ші және 54-ші минуттарда.
Алғашқы гол рикошеттен кейін сәтті бағытталған соққымен келсе, екінші голда Дастан қорғаныстағы бос кеңістікті ұтымды пайдаланып, қақпашыны қапы қалдырды.
Бұл Сәтпаевтың биылғы маусымдағы үшінші голы. Бұған дейін ол алғашқы турда «Астана» қақпасына дәл соққы жасап, гол соққан болатын.
Осылайша, жас шабуылшының дублінің арқасында «Қайрат» live-турнирлік кестеде 10 ұпаймен көш бастап тұр.
Дереккөз: sports24.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или