Қазақстандық боксшылар Бразилияда неше алтын медаль алды?

Қазақстандық боксшылар Бразилияда неше алтын медаль алды?

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Турнирдің финалына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алып, барлығы жеңіске жетті.

Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) италиялық Элен Лучия Аяримен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.

Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін) финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловты жеңді.

Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін) өзбекстандық Акмолжол Исроиловтан басым түсті.

Айта кетейік, үшінші орынға Диас Молжігітов (75 келіге дейін), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или