Сұлтан Зәуірбек IBF чемпиондық титулын иеленді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (19-0, 13 КО) Астанада өтіп жатқан бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Зәуірбек танзаниялық боксшы Азинга Фузилеге (18-2, 12 КО) қарсы титулды жекпе-жек өткізді. Бұл кездесуде Сұлтан төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді. Сұлтан Зәуірбек осы жеңісінің арқасында екінші жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental титулын иеленді.
Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокстағы 20-жеңісіне қол жеткізді, ал Азинга Фузиле үшін бұл үшінші жеңіліс болды.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады.
Жас қазақстандық спортшы кәсіпқой бокста дебютін өткізіп, қарсыласын нокаутқа түсірді