Арина Алтухова нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

Арина Алтухова нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық Арина Алтухова нысана көздеуден Буэнос-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы 50 метр қашықтыққа үш қалыпта атудан үшінші нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 445.9 ұпай жинады.

Бірінші орынды үндістандық Каур Самра (458.6 ұпай), ал күміс жүлдені германиялық Анита Мангольд (455.3 ұпай) жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или