Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге салмақ өлшеуден сәтті өтті

Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге салмақ өлшеуден сәтті өтті

Астанада 5 сәуір күні «Барыс Аренада» өтетін «Battle of the Brave» бокс кешінің басты жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 72,5 келі көрсетсе, оның қарсыласы — Франция өкілі Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) де салмақ лимитіне толықтай сай болды.

Салмақ өлшеуден кейін боксшылар дәстүрлі көз арбастыру рәсімінен өтті. Екеуі де бұл жекпе-жекке барынша дайын екендерін танытты.

Айта кетейік, Қазақстандық боксшы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғайды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или