Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан (97 келі) еркін күрестен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен кездесті. Тартысты белдесуде қазақстандық балуан 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақта ирандық Джахангир Вализадеге 0:3 есебімен жол берді. Енді ол қола медаль үшін күресетін болады.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или