Бокс: Париж Олимпиадасынан кейін қандай қорытынды жасалды

Бокс: Париж Олимпиадасынан кейін қандай қорытынды жасалды


ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Лос-Анджелестегі алдағы Олимпиада ойындарына бокстан еліміздің құрамасы қалай дайындалып жатқаны туралы түсінік берді.

— Қазақстан боксының жағдайы елімізде жиі талқыланатыны белгілі. Дегенмен, біздің спортшылар әлемдік аренада өзінің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп келеді. Бұған дәлел ретінде жақында өткен әлем чемпионаттарында жақсы орындардан көрінгенін айтуға болады. Расында да, Парижде өткен соңғы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткен жоқ. Сол кезде бірқатар түсініктеме берілді.

Осы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша біз бірқатар кадрлық өзгерістер жасадық. Атап айтқанда, федерацияны жас әрі болашағы зор басшы басқаруға кірісті. Қазір ол бұл салада өзін жақсы көрсетіп отыр. Менің ойымша, барлық осы лауазымдар мен бас бапкердің жаңаруын және бұған дейінгі қателіктерді ескере отырып, біз Лос-Анджелестегі ойындарға жаңа форматта дайындалып жатырмыз. Бұл жарысқа үш жыл ғана уақыт қалды, — деді С. Жарасбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бокстан еліміздің құрамасы толықтай жасақталған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды. 

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или