Екі дүркін Олимпиада чемпионы, өзбек боксшысы Усикті жекпе-жекке шақырды

Жеңіліп көрмеген өзбек боксшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық Александр Усикті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жалолов 2021 және 2024 жылдары өткен Олимпиада ойындарында аса ауыр салмақта топ жарды. Кәсіпқой рингте оның еншісінде қатарынан 14 жеңіс бар.
«Маған екі-үш ай уақыт беріңіздер, сонда Усикке дайын боламын. Маған Усикпен және Энтони Джошуамен күш сынасу қызық болар еді, себебі олар да Олимпиада чемпиондары. Сонымен қатар, кәсіпқой бокста үлкен жетістікке жетті. Мен келе жатырмын, жігіттер! Абай болыңдар!» – деді Жалолов The Ring басылымына берген сұхбатында.
Александр Усик кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізіп, 23 жеңіске жеткен. Ол 2012 жылы Лондон Олимпиадасында чемпион атанған.