Фьюридің жекпе-жегі кейінге шегерілді

Ауыр салмақта бұрын әлем чемпионы атанған Тайсон Фьюридің інісі Роман кезекті жекпе-жегіне шықпайтын болды. Ол 29 наурызда Манчестерде өтетін Misfits Boxing кешінде америкалық Чейз Де Мурмен жұдырықтасуы керек еді.
Аталған кештің басты жекпе-жегі ретінде танымал ютубер KSI мен аралас жекпе-жек шебері Диллон Дэнистің кездесуі жоспарланған болатын. Алайда KSI денсаулығына байланысты шараға қатыса алмайтыны белгілі болды. Сол себепті бокс кеші кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, бұл – KSI-дің алғаш рет жекпе-жектен бас тартуы емес. Өткен жылы тамызда ол Энтони Тейлор мен блогер Слим Альбахермен рингке шығуы тиіс еді. Бірақ қол жарақатына байланысты кездесулердің ешқайсысы өтпеді.
Роман Фьюри – Тайсон мен Томмидің кенже інісі. Ол кәсіпқой бокста 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.