200 мың доллар? Қызайбай және басқа да жүлдегерлер қандай сыйақы алады?

Бокстан 2025 жылы Ниш қаласында (Сербия) өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тағайындаған ақшалай сертификаттардан бөлек, дәл сондай көлемдегі сыйақыны Қазақстан бокс федерациясынан да алады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ақшалай сыйақы:
Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары
Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары
Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары
Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары
Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары
Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары
Сонымен қатар, бұл боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталады:
Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары
Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары
Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары
Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары
Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары
Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары
Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.