Салтанат Меденова неліктен Қазақстан емес, Ресей атынан шыққанын түсіндірді

Салтанат Меденова неліктен Қазақстан емес, Ресей атынан шыққанын түсіндірді


Ресейлік боксшы, этникалық қазақ Салтанат Меденова Сербияда өткен әлем чемпионатында топ жарып, бұл жеңісті орындалған арманы деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ниш қаласында өткен финалдық жекпе-жекте Меденова екі дүркін Еуропа чемпионы Исильдар Бусрумен кездесіп, оны айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, ол 81 келі салмақта әлем чемпионы атанды.

«Мен әрқашан әлем чемпионы болуды армандадым. Бұл жеңіс мен үшін ақшаға емес, ең алдымен, тұғырда тұрып, Ресей әнұранын орындау мүмкіндігіне байланысты маңызды. Иә, мен қазақпын, бірақ менің туған жерім – Ресей. Осында дүниеге келіп, осында өстім», – деді ол Матч ТВ арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, чемпионат жеңімпаздары 100 мың доллардан, күміс жүлдегерлер – 50 мың, ал қола медаль иегерлері – 25 мың доллардан алды. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы үш алтын, екі күміс және бір қола медальмен екінші орын алды. Ресей көш бастаса, үшінші орын Түркияға бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или