Нариман Құрбанов жарысқа шығатын күн белгілі болды

Нариман Құрбанов жарысқа шығатын күн белгілі болды

20 наурызда Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жарысқа қазақстандық Нариман Құрбанов та қатысады. Ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алғаннан кейін халықаралық жарыстарға қатыспаған еді. 

Германияның Котбус және Әзірбайжанның Баку қалаларында өткен алғашқы екі кезеңді атақты қазақстандық гимнаст жіберіп алды. Ол Чехияда жаттығып, жаңа маусымдағы алғашқы жарысына дайындалды. Нариман бұл додада жаңа жарыс бағдарламасын көрсетуді жоспарлап отыр.

Ол оқу-жаттығу жиынын Зейнолла Ыдырысовпен бірге өткізді. Зейнолла жақында ғана өткен Әлем кубогының кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын.

Іріктеу кезеңі 20-21 наурыз аралығында өтеді. Ал финалдық бәсекелер 22 наурызға жоспарланған. 

Нариман мен Зейнолладан бөлек, Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы келесі спортшыларды тізімге қосқан:

- Асан Сәлімов (еркін жаттығу, тірекпен секіру, кермедегі жаттығулар);

- Роман Маменов (еркін жаттығу, шығыршық және қоссырықтағы жаттығулар, тірекпен секіру).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Бакуде өткен соңғы Әлем кубогының кезеңінде, үш медаль жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или