IBF қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін екі чемпиондық жекпе-жекті ресми түрде таныстырды

Халықаралық бокс федерациясы қазақстандық боксшылар қатысатын екі титулды жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.
IBF ресми сайтында 5 сәуірде Астанада өтетін бокс кешінде Сұлтан Зәурбек (19-0, 13 KO) IBF Intercontinental белбеуі үшін екінші жартылай жеңіл салмақта Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Азинга Фузилемен (18-2, 12 KO) жекпе-жек өткізетінін жариялады.
Сонымен қатар, Халықаралық бокс федерациясы турнирдің басты кездесуін таныстырды. Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) жеңіліп көрмеген француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгеге (14-0, 9 KO) қарсы жекпе-жекте IBF чемпионы атағын қорғайтын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или