Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

Бокстан Қазақстан құрамасының қыздары Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы халықаралық әуежайында Сербияның Ниш қаласынан қайтқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін туған-туыстары, жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. 

Сербияда тарихи нәтижеге қол жеткізген әлемнің үш дүркін чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай жарыс туралы ой-пікірін айтты.

- Өте қуаныштымын, арманым болды және мен оған жеттім. Енді кішкене демалып, қайта жаттығуға кірісеміз. Әлемдік додада оңай қарсыластар болмайды. Бірақ 48 келі 50 келіге қарағанда жеңіл болды. Себебі өзімді күштірек сезіндім, - деді Назым Қызайбай.

Еске салайық, Сербияның Ниш қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жүлде саны жөнінен жалпы командалық есепте екінші орынға табан тірегенін жазғанбыз.

Ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) чемпион атанды. Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) күміс жүлде, ал Наталья Богданова (70 келі) қола жүлде алды.


Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или