Ресейдегі қазақ қызы Салтанат Меденова бокстан әлем чемпионы болды

Ресейлік этникалық қазақ қызы Салтанат Меденова 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сербияның Ниш қаласында бокстан өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалдық жекпе-жекте ол Түркиядан келген Исильдар Бусраны 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша ол Ресей құрамасына командалық есепте жеңіске жетуге көмектесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или