Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қай орынға тұрақтады?

Қазақстандық боксшылар Сербияда өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) алтын медаль иеленді.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Виктория Графеева (60 келі) пен Елдана Талипова (81+ келі), қола жүлдені Наталья Богданова (70 келі) еншіледі.
Медальдық есепте Қазақстан құрамасы Ресейді алға жіберіп, екінші орын алды. Ресейлік спортшылар бұл турнирде жеті медаль жеңіп алды: төрт алтын, бір күміс және екі қола.
Солтүстік Корея, Марокко, Сербия, Түркия және Қытай әлем чемпионатында бір алтыннан иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или