Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында қанша миллион табыс тапты?

Сербияда бокстан әйелдер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды: үш алтын, екі күміс және бір қола. Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлем чемпиондары мен жүлдегерлері үшін келесідей жүлде қорын белгіледі: алтынға - 100 000 доллар, күміске - 50 000 доллар, қола үшін - 25 000 доллар. Турнирдің ширек финалистеріне де 10 000 доллардан сыйақы берілді. Ширек финалда қазақстандық төрт спортшы жеңілді. Осылайша, 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар жалпы сомасы 465 мың доллар (232,5 миллион теңге) табыс тапты.
Еске салайық, Қазақстаннан әлем чемпиондары Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі), күміс жүлдені Виктория Графеева (60 келі) пен Эльдана Талипова (81 келі), қоланы Наталья Богданова (70 келі) еншіледі.