Қазақстан әлем чемпионатында үшінші алтынды жеңіп алды

Қазақстан әлем чемпионатында үшінші алтынды жеңіп алды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Аида Әбікеева (63 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Отандасымыз ақтық сында таиландтық Тананья Сомнуекпен қолғап түйістірді. Аида Әбікеева үш раунд бойы жоғары деңгейде жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі) және Алуа Балқыбекова (50 келі) алтыннан алқа тақса, Виктория Графеева (60 келі) күміс, Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдеге ие болған еді.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или