Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.
Қазақстандық боксшы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша Назым Қызайбай үшінші рет әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырының биігіне көтерілген еді.
Айта кетейік бұған дейін Наталья Богданова (70 келі) қола жүлде жеңіп алды.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или