Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында жеңіске жетті

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ниште (Сербия) өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келі салмақта финалда Балқыбекова қытайлық Ху Мэйимен кездесті. Бұл жекпе-жекте 5:0 есебімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанса, Ху Мэйи турнирді күміс медальмен аяқтады. Айта кетейік, Балқыбекова әлем чемпионатының тұғырына үшінші рет көтеріліп отыр: 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола жүлдегер атанды. Алуа да екі дүркін Азия чемпионы (2021, 2022).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или