Әлем чемпионатында қазақстандық 4 боксшыға сыйақы табысталды

Әлем чемпионатында қазақстандық 4 боксшыға сыйақы табысталды


Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалға дейін жеткен қазақстандық 4 боксшыға ақшалай сыйақы берілді. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

Жаһандық додада сайысқа түскен Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Кизатова (66 келі) және Надежда Рябец (75 келі) осындай марапатқа ие болды. Сыйақының көлемі — 10 мың доллар.

Жарыс ережесіне сәйкес әлем чемпионы болған былғары қолғап шеберлеріне 100 мың, екінші орынға — 50 мың, үшінші орынға — 25 мың доллар беріледі.

Бүгін, 16 наурызда қазақстандық боксшылар арасынан финалда Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) бақ сынайды. 

Ал, Анита Адишева (52 келі) мен Гүлсая Ержан (81 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңілсе, Наталья Богданова (70 келі) қола жүлде алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или