Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасады

23 жастағы әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Nomad Promotions компаниясының хабарлауынша, Махмұд Сабырхан 5 сәуір күні өтетін Жәнібек-Анауэль айқасы андеркартында жұдырықтасады. Оның қарсыласы — филиппиндік Джей Фрэнсис Бурай (13-3-1, 3 КО).
Боксшылар 55,3 кг салмақта 6 раундтық жекпе-жек өткізеді.
Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или