Қазақстандық жас теннисшілердің рейтингтегі орындары белгілі болды

Tennis Europe (TE) ұйымы 14 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші, 13 жастағы Ахмади Маханов 8-орынға көтерілді.
Жуырда Стокгольмде Швеция королінің кубогы үшін өткен супер турнирде жеңімпаз атанған Маханов бірден 7 сатыға жоғарылады.
Ахмади сонымен қатар Монте-Карлода күзде өтетін жылдың қорытынды турниріне қатысу үшін чемпиондық кестеде де көрсеткішін жақсартты. Ол мұнда 7-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или