Әлем чемпионаты: Қазақстандық алты боксшы қатысатын жекпе-жектердің тікелей трансляциясы

14 наурыз, жұма күні Ништегі (Сербия) бокстан әйелдер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанның алты спортшысы жартылай финалда сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан атынан 48 келіде Назым Қызайбай, 50 келіде Алуа Балқыбекова, 60 келіде Виктория Графеева, 63 келіде Аида Әбікеева, 70 келіде Наталья Богданова және 81 келі салмақта Елдана Тәліпова финалға жолдама алу үшін таласады.
Жекпе-жектердің трансляциясын мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.
Жартылай финалдың кестесі келесідей:
19:15 60 келі. Виктория Графеева - Наталья Шадрина (Сербия)
22:00 48 келі. Назым Қызайбай - Хонг Кюнг Рён (Солтүстік Корея)
22:15 50 келі. Алуа Балқыбекова - Ан Кум Бёл (Солтүстік Корея)
23:30 63 келі. Аида Әбікеева - Елена Бабичева (Ресей)
00:00 70 келі. Наталья Богданова - Лиза Эдель О'Рурк (Ирландия)
00:45 81+ келі. Елдана Тәліпова - Дарья Сазонова (Молдова).